Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақтау - жігітті анасына айдап салу" - әнші Жазира Байырбекова

18:30, 14 тамыз 2024 795

Белгілі әнші Жазира Байырбекова анасын құрметтейтін азаматтарды "мамасының баласы" деп мазақ ететін қоғамды айыптап, мұндай келеке-қылжақтың соңы әр отбасындағы жігіттерді әйеліне немесе анасына қарсы қоюға әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Әнші Жазира Байырбекова әйелін құрметтейтін азаматтарды "подкаблучник", ал анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететіндерді айыптады:

Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник"дейтін еді. Енді Анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететін болыпты. Әрине, әртүрлі аналар,әртүрлі келіншектер болатыны рас. Біра бұл қылықтарыңыз әр отбасындағы жігіттерді әйеліне немесе анасына қарсы қоюға әкелмей ме? Ешкімді ешкімге қитұрқы сөзбен айдап салмай,жай ғана түсінісіп өмір сүруге неге тырыспайды біздің қоғам...

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар