Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анам рак, әкем қорғай алмайды: Өзін зорлаған жігітке мәжбүрлі күйеуге шыққан 15 жастағы қыз халықтан жылап тұрып көмек сұрады (ВИДЕО)

17:06, 05 қараша 2024 952

Атыраулық 15 жастағы аяғы ауыр оқушы осыған дейін ересек ер адам өзін зорлап, артынша жауапқа тартылудан қорқып үйленгенін айтқан, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Араға көп уақыт салмай, үйленген жігіт жүкті жасөспірімді үйінен қуып салыпты.

Оқушы анасының қатерлі ісікпен ауырып,  жанымен алысып отырғанын, әкесі де қызын қорғауға мүмкіндігі жоғын айтып жылап отыр.

Өйткені, мәселе  көтеріліп, құқықтық орган араласқан тұста  оқушыға үйленген ер адамның туыстары қызға қысым жасап, өздері қалаған дүниені ғана айтқызған көрінеді.

Ақыр соңы екі жас үйленді, бәрі дұрыс деп құқықтық орган тексеруінен құтылған. Енді қыз сол тергеу барысында қысым көрсетілді, жалған айтуға мәжбүр болдым деп егіліп, елден көмек сұрап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар