Әлеуметтік желіде патрульдік полиция қызметкерінің мотоцикл жүргізушісіне айтқан сөзі жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл әсерлі видеоны Holanews.kz жариялады.
«Братишка, ана өмірге бәріміз барып үлгереміз. Асықпасай», - дейді патруль қызметкері дауыс зорайтқышпен.
Полицейдің бұл ісіне халық жаппай қолдау білдіруде.
«Жол-пол қызметкерлеріне үлгі ғой», «Ағалық ақыл деп қабылда», «Мұндай МАИ қызметкерлері өте көп», «Осындай жігіттің анасына мың алғыс», «Жол сақшылары осылай мейіріммен жұмыс істесе ғой», - деп жазды желі қолданушылары.