Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Америкалықтар таң қалса, қазақтар “ұятсыз” деп жазғырады: Баян Мақсатқызы халыққа ренжіді

15:59, 25 шілде 2024 1121

Баян Мақсатқызы қазақтағы кейбір қалыптасып қалған стереотиптерге шүйлікті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Stan.kz сайтының мәліметінше, “Viшнөвый джем” шоуында отандық шоу-бизнес жұлдызы қонақ болып, еркін көзқарас білдіріп, ашық пікір айтқаны үшін халықтың жиі сынына ұшырайтын жасырмады. 

“Менің істеп жатқан жобаларымның дені халқым үшін жасалған. Алайда белгілі бір топқа ғана ұнайды. Жақында “Kesh You” қыздары Америкаға барып, өнер көрсетті. Ол жақтағылар таңғалып, ою-өрнектің мағынасын сұрады. Ал біздің халық мені “ұятсыз әйел” деп жазғырды. Аяқтың астына төсеп, жамбастап отыратын көрпешеге ұлттық ою-өрнек жарасады, бірақ әншіге жараспайды. Бұл әйелдерге деген көзқарас, қос стандарт. Мен бұл тәсілді түсінбеймін. Сіз суға түсетін киім кисеңіз, ұятсыз адам болып саналасыз ба?!”, – деді продюсер. 

Өнер иесінің айтуынша, халықтың шамына тиетін пікір мен түрлі образды әдейі салып отыратынын көрінеді. 

“Денені жабуға қатысты жеке көзқарасым мен наразылығым бар. Мен өзімнің пікірімнің көшбасшысы екенімді, біреуге мұндай ұстанымның ықпалы болуы мүмкін екенін түсініп, әлеуметтік желіге әдейі салып отырамын. Мен зайырлы өмір салтын жақтаймын. Бұл менің азаматтық ұстанымым. Осындай фотосуреттермен мен: "Мен әйелмін, менің денем бар, кеудем, аяғым бар, бұл – ұят емес, маған Құдайдың бергені" деп айтамын. Сіздің ойыңызша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тамыры қайда жатыр? Жасыратыны жоқ, бұл біздің қоғамда қандай да бір күрделі мәселеге айналды. Біріншіден: Әйел адам өзін екінші дәрежелі сезінбеуі керек. Бірақ әзірге ол ер адамның жалғасы. Стереотипті жеңуге не кедергі? Конституция бойынша барлығы тең. Сіз өзіңізді екінші сыныптағыдай сезінбейсіз, солай ма? Мен Қазақстанның батысынанмын. Мұнда елдің оңтүстігіндегідей патриархал қоғамда өмір сүрмейді. Мен өзімді пайдалануға рұқсат бермедім және бермеймін де. Дегенмен кейбір адамдар мұны көкбет, долы әйелдердің ғана қолынан келеді деп ойлайды”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар