АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеу мәселесінде тараптар өзара келісімге келсе, оған қарсы болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Мәскеу мен Киев бейбіт келіссөздерге бұрынғыдан да жақындай түскен.
«Оларды дәл осы жағдайға жеткізген менмін деп ойлаймын. Бұл мәселе шешімін табады деп сенемін. Ресей мен Украина арасындағы түйткілді реттейтін кезеңге жақындап қалдық», – деді Трамп.
Сонымен қатар Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен байланыста екенін хабарлады.
Ушаковтың сөзінше, америкалық делегацияның Ресейге сапары әзірленіп жатыр. Тараптар алдағы кездесулер барысында Украинадағы жағдай мен ықтимал бейбіт реттеу мәселелерін талқылауы мүмкін.