Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Америкадағы қазақтар жиналып жатыр". Шахановтың қазасына байланысты пікір айтқан Серікжан Біләшқа қатысты тың дерек шықты

09:13, 25 сәуір 2026

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты АҚШ-та тұратын белсенді Серікжан Біләштің мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп жазды  деп жазады Alash.KZ.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Біләш марқұм ақынға қатысты ауыр сөз айтып, жеке ренішін ашық білдірген. Бұл әрекет көпшілік тарапынан сынға ұшырап, аза үстінде мұндай пікір білдіру қазақы дәстүр мен адамгершілік қағидаларына қайшы екені айтылды.

Ertenmedia.kz хабарлауынша, АҚШ-тағы қазақ қауымы да бұл жағдайды бейжай қалдырмай, өзара талқылап жатыр. Олар мәселені күш қолдану емес, моральдық әрі қоғамдық тұрғыда бағалау қажет екенін алға тартып отыр. Яғни, Біләштің айтқан сөзіне түсініктеме беріп, жауапкершілік жүгін сезінуі керек деген ұстаным басым.

Қауым өкілдерінің пікірінше, адам шетелде тұрса да, ұлттық рухани кеңістіктен тыс қала алмайды. Сондықтан мұндай мәлімдеме Қазақстандағы ғана емес, әлемнің әр түкпіріндегі қазақтарға әсер еткен.

Сондай-ақ көпшілік Біләштің сөзі жеке өкпе-реніштен туғанын алға тарта отырып, мұндай мәселелерді аза тұту кезеңімен байланыстыру орынсыз екенін атап өтуде.

Әлеуметтік желі қолданушылары да белсендінің ұстанымын құптамай, марқұмға құрмет көрсету – қоғамдағы маңызды құндылықтардың бірі екенін еске салды.

Жалпы, бұл жағдай қоғамда сөз мәдениеті мен жауапкершілік мәселесінің өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар