Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Америкада марапатталды»: Қазақ баласы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісікті анықтайтын бағдарлама жасап шығарды

18:14, 17 мамыр 2026

Америка Құрама Штаттарының Финикс қаласында өткен «Regeneron ISEF 2026» халықаралық ғылыми көрмесінде қазақстандық оқушының жобасы үздік деп танылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тараз қаласының 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологиясына негізделген бірегей бағдарлама ойлап тапты. Оның бұл жаңалығы медицина саласындағы қатерлі ісік белгілерін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Әлемдік додада озық шыққан отандасымыз арнайы ақшалай сыйлықты иеленіп, Сауд Арабиясының жетекші университетінде тегін білім алуға грант ұтып алды.

Биылғы беделді ғылыми көрмеге әлемнің 60-тан астам елінен 1700-ге жуық дарынды жас ғалымдар қатысып, өздерінің озық идеяларын ортаға салды. Бұл ауқымды халықаралық байқауда Қазақстан намысын жеті мектеп оқушысы бес түрлі ғылыми-зерттеу жобасымен қорғаған болатын. Сала мамандары мен халықаралық қазылар алқасы отандық оқушылардың ізденісі мен дайындық деңгейін өте жоғары бағалады.

Арнұр Артықбай әзірлеген жүйе қатерлі ісіктің алғашқы сатысындағы қауіпті ісіктерді жоғары дәлдікпен анықтауға қауқарлы. Оның бұл еңбегі заманауи медицина мен цифрлық технологияның ұштасуы ретінде шетелдік сарапшылардың үлкен қызығушылығын тудырды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар