Қаланың сыртқы келбетіне нұқсан келтіретін, абаттандыруды бұзатын, тротуарлар мен жол учаскелерін қоқыс тастайтын заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілерімен күресу мақсатында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қажетті шаралар қабылдауда.
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметкерлері олардың сауда жүргізуге рұқсат құжаттарының жоқтығын анықтады. Заңсыз орнатылған сауда объектілерінің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, содан кейін кәсіпкерлер объектілерді өз еркімен бөлшектеді.
Меншік иелері дербес сүруден бас тартқан жағдайда заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілері мәжбүрлі тәртіппен бөлшектелетін болады.
Әдетте, заңсыз орнатылған дүңгіршектер абаттандыру ережелерін сақтамай, қала құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларды бұза отырып, тротуарлар мен жол жиектерінде орналасқан. Атап өтер жайт, былтыр 2022 жылы Алматыда 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілері анықталыпа, оның ішінде бүгінде 120 нысан сүрілген болатын.