Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аманшылық болсын: Орал халқы наразылыққа шығып көпірді жауып тастады

16:20, 04 ақпан 2025 891

Орал қаласында наразылық басталды: Зачаганский бақша қоғамының жүзден астам тұрғыны қаладан Теректі ауданының Подстепное ауылына көпірге апаратын жолды жауып тастады, деп хабарлайды Alash.kz.

Олар түстен кейін өшірілген электр қуатын қайта қосуды талап етті.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға бірнеше рет жүгініп, нәтиже шықпағаннан кейін тұрғындар түбегейлі шара қабылдауға шешім қабылдаған. Биліктің назарын аударуға тырысып, көлік қозғалысын тоқтатқан.

Зачаганск әкімі Аққали Әубекеров пен Орал прокуроры тұрғындар жиналған жерге жедел келді. Шенеуніктер наразылық білдірушілерді жолды ашуға көндірді, ал әкім бұл мәселені тез арада шешуге және электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге уәде берді.

Алайда кейінірек электр энергиясының төленбеген қарыздары жарықты өшіруге себеп болғаны анықталды. Тұрғындар «ақшаны төледік» дейді. Жауапты компания бұрынғы басшылық қарызды жаппағанын айтады. 

Сағат 19.00-ден кейін бау-бақша қоғамындағы электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, бірақ тұрғындар әлі де мәселе түбегейлі шешілуі керек деп санайды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар