Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алтыным… Әулетімізде үлкен қуаныш”: Тоқтар Серік асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

12:13, 30 маусым 2026

Әнші Тоқтар Серік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі туған бауырының қызын диплом алып, жас маман атануымен құттықтап, ақ тілегін арнады.

"Бүгін біздің әулет үшін тағы бір жақсы қуаныш, тағы бір жақсы жаңалық. Туған бауырым Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр болашақ бастауыш мұғалім мамандығын тәмамдап, қолына дипломын алды. Алтыным, сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Құтты болсын. Алла жар болсын", – деп жазды Тоқтар Серік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар