Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алтынмен оралудың қандай сезім екенін бәрінен артық түсінемін»: Геннадий Головкин әсерлі пікір білдірді (ВИДЕО)

20:13, 25 ақпан 2026

Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Астана қаласының әуежайында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алу шарасына қатысты, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми әлеуметтік желілерінде жарияланған бейнежазбада Геннадий Головкин еліміздің туын халықаралық деңгейде биікке көтерген спортшыларды жаңа заманның батырларына теңеді. Ол өз сөзінде жеңіске жету жолындағы еңбектің маңыздылығын атап өтті.

«Алтын медальмен үйге оралудың қандай сезім екенін мен өзгелерден артық түсінемін. Бүгін біздің батырларымыз бар. Мен ең алдымен осындай керемет чемпиондарды тәрбиелеген жаттықтырушыларға, отбасыларына, әрдайым қасынан табылған жандарға, сондай-ақ Спорт министрлігіне, федерацияға, ҰОК-қа және қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Бұл саясаттың барлығы біздің Президентімізден бастау алады. Осы орайда айтарым: біз Қазақстан ретінде бұған лайықтымыз - мәнерлеп сырғанаудан бізде алтын бар. Мұны мақтан тұтыңыздар, бұл – біздің жаңа батырларымыз!» – деді Геннадий Головкин.

Комитет басшысы мәнерлеп сырғанау спортындағы бұл ірі жеңісті мемлекеттік спорт саясатының жемісі ретінде бағалады. Ол бұл жетістіктің барша қазақстандықтар үшін мақтаныш екенін және спорт саласындағы жауапты мекемелер мен бапкерлер құрамының бірлескен жұмысының нәтижесі екенін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар