Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі ретіндегі қызметіне кірісті

20:59, 04 мамыр 2024 518
Халық арасында бұрынғы Астана қаласының әкімі ретінде есімі жақсы таныс Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі есебіндегі қызметіне кірісті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін бұл қызметті Нұрлан Сейтімов атқарған болатын, ол лауазымынан босатылды. Сонымен қатар:
"Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов Эстония президенті Алар Кариске сенім грамоталарын тапсырды. Әңгіме соңында Эстония президенті Қазақстан Елшісін ресми қызметке кірісуімен құттықтап, қазақ-эстон қарым–қатынасын одан әрі нығайтуда зор табыс тіледі", - делінген хабарламада.
 
Орайы келгенде айта кетейік, Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
 
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Ұлыбританияның Абердин университетінің түлегі. Алтай Көлгінов "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, "халықаралық коммерциялық құқық" магистрі дәрежесін алған.
 
 
2001-2008 жылдары әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды;
 
2003-2007 – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары;
 
2007-2008 – әділет министрлігі заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының басшысы;
 
2008-2010 – "АлашМедиаГрупп" компаниясы бас директорының орынбасары;
 
2010-2012 – Қазақстан президенті әкімшілігі аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
 
2012-2013 – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
 
2013-2016 – Орал қаласының әкімі;
 
2016 жылдың наурызынан 2019 жылдың маусымы аралығында Батыс Қазақстан облысының әкімі болды;
 
2019 жылдың 13 маусымынан бастап 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін – Астана әкімі.
 
2022 жылдың 9 желтоқсанынан 2023 жылдың маусымына дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар