Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әлсіздігі үшін»: Павлодар облысында үш шенеунік сөгіс алды

15:50, 28 наурыз 2024 489

Тереңкөл, Павлодар аудандары мен Ақсу қаласының басшылары қарды дер кезінде шығару және су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеген. Қазір аймақта 21 қауіпті учаске бақылауға алынды.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 14 қауіпті учаске бақылауға алынып, онда 133 адам, 51 бірлік арнайы техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды. Павлодар мен Тереңкөл аудандарының, сондай-ақ Ақсу қаласы әкімдерінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп санаймын. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудегі бақылаудың әлсіздігі үшін оларға қатаң сөгіс жарияланды. Менің тапсырмам бойынша барлық су тасқынына қарсы іс-шара қазіргі жағдай туралы сағат сайын берілетін есеп тәуліктік режимге ауыстырылды және менің жеке бақылауымда болады», - деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Павлодар, Май, Успен, Павлодар, Шарбақты, Ақтоғай, Ертіс аудандары мен Ақсу қаласының жекелеген елді мекендері бойынша 21 учаске айрықша бақылауға алынған. Бірқатар елді мекенде үй аулаларын, шаруашылық ғимараттарын су басқаны туралы ақпарат түскен. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметкерлері су жыру, суды сору жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған қоса автомобиль жолдарының 6 учаскесі бақылауда тұр. қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар елді мекендерге тәулік бойы мониторинг жүргізіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар