Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алқабилер әй-әй, жұрт жүзін көруге болмайды

18:02, 12 сәуір 2024 595

Бишімбаев сотындағы алқабилердің суретін жариялаған автор мен оның бас редакторы жазаға тартылады. Тәртіп бойынша алқабилерге қысым жасалмау үшін олардың түрін ешкім танымауы керек.

«БАҚ туралы» Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады деп көрсетілген.

Дереккөзіне сүйенсек, процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші сот алқабилер алқасын фото және бейнежазбаға түсіруге, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға болмайтынын ескерткен. Яғни, алқабилерге қысым жасалмау үшін олардың түрін ешкім танымауы керек.

«Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады. «БАҚ туралы» Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады. Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады», - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 251