Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев жауапты лауазымға тағайындалды

20:24, 13 қаңтар 2026

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевқа қосымша жауапты қызмет жүктелді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесіне мүше болып қабылданды.

Қазақстан қор биржасының (KASE) 13 қаңтарда таратқан ақпараты бойынша, холдинг басшылығының жаңа тізімі өткен жылдың 26 желтоқсанында мақұлданған. Директорлар кеңесіне Үкімет басшысы Олжас Бектенов төрағалық етеді. Жаңартылған құрамға Ерболат Досаевтан бөлек Роман Скляр, Серік Жұманғарин, Мәди Тәкиев және Ерсайын Нағаспаев сынды лауазымды тұлғалар енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар