Алматыдағы Орталық Стадионда UEFA Чемпиондар лигасындағы “Қайрат” футбол клубы Кипрлік “Пафоспен” тең түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
90 минут бойы қарсыласынан басым ойнаған Алматылық клуб Кипрлік командаға гол соға алмады. Есеп - 0:0. Допқа иелік ету көрсеткіші - 61%. “Қайраттың қаһарманы” атанған Темірлан Анарбеков 4 мәрте командасын голдан құтқарды. Қарсылас ойынның алғашқы минуттарында қызыл қағаз алып, 10 футболшымен ойнап шықты. Ойын нәтижесінде “Қайрат” футбол клубы кестедегі алғашқы ұпайын еншіледі.