Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматылық “Қайрат” Чемпиондар Лигасында Португалиялық клубқа есе жіберді

08:40, 19 қыркүйек 2025 139

Чемпиондар Лигасына жолдама алған Алматылық “Қайрат” алғашқы ойында Португалия чемпионы “Спортинг” клубынан 4:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Лиссабондағы (Португалия) “Жозе Алваладе” стадионында “Спортинг” – “Қайрат” матчы екі клуб ойыншылар үшін тартысты өтті. Алматылық команданың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынының 44-минутында Франсиску Тринкан есімді қарсылас ойыншысы есеп ашты. Екінші таймның есебін де дәл осы еселеді. 65-минутта Тринканның жасаған дублі 67-минутта Алиссон Сантос, 68-минутта Жеовани Кенданың голына ұласты. Матчтың соңғы минуттарында “Қайрат” сапындағы Эдмилсон атты ойыншы Рикардиньоның дәл пасының арқасында қарсылас қақпасына доп кіргізіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі тарихындағы “Қайраттың” алғашқы гол авторы атанды.

Ойыннан кейінгі журналистермен кездесуде бас бапкер Рафаэль Уразбахтин пікір білдірді.

“Бұл матчтан қорытынды жасап, бүгінгі бабымыздан күштірек боламыз да, алға қарай жылжимыз”,- деді бапкер. 

Айта кетейік, “Қайрат” футбол клубының Чемпиондар лигасындағы ендігі кездесуі әйгілі “Реал Мадридпен” Алматыдағы Орталық Стадионда өтпек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар