Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматылық медицина қызметкерлерінің біліктілігі артып келеді

13:37, 27 маусым 2023 226
Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдағанда қаланың барлық жағынан дамып келе жатқанына өз ризашылығын білдірген болатын.

Досаевтың айтуынша, осы кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор іскерлік белсенділік есебінен 23,9 пайызға дейін үдеген. Ал іскерлік белсенділік көрсеткіші 57,9 пайызға дейін өсіп, өңірлер арасында бірінші орынға шықты. Биыл шағын және орта бизнестің 3 мың жобасына 43 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланып отыса, факторингтік келісімдерді қаржыландыру үшін қосымша 4 миллиард теңге бөлінген. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету үшін 5 шағын өнеркәсіп паркі ашылуы да мемлекет басшысын қуантқан болатын. Қала тұрғындарының жаідайын жасаумен бірген денсаулығын қамтамасыз етуді де тапсырған еді. Осы орайда Алматы қаласының медициналық орталықтары жыл өткен сайын жақсы көрсеткіштерімен қуантып келеді. Мәселен жақында №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері көпқабатты үйдің үшінші қабатының балконынан құлап түскен 4 жасар баланы аман алып қалды.

Аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, кішкентай ұл бала балконда орындыққа шығып, көшеге қарамақ болған кезде құлап кеткен. Сонымен қатар үйде жанында ересек адам болмаған. «Баланы жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөлімшесіне ауыр жағдайда жеткізді. Алып келген кезде бала дереу қаралды, қажетті инструментальді зерттеулер, оның ішінде ағзаға компьютерлік томография жүргізілді. Бала жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер баланы травмалық есеңгіреуден алып шығып, оның жағдайын тұрақтандырды», - деп хабарлады ауруханадан.

Іш жағының тоқтамай ауырсынуына байланысты мультитәртіптік кеңес өткізіліп, диагностикалық лапароскопиялық ота жасау туралы шешім қабылданған. Алматы қаласы бүгінде қала тұрғындарына ғана емес сырттан еміне шипа іздеп келетіндердің де көңілінен шығып отыр.

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар