Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы «Қазақстан» шипажайы мемлекетке қайтарылды

06:20, 20 ақпан 2024 326

Алматы қалалық прокуратурасы «Қазақстан» шипажайы мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді.


Ведомства ақпаратынша, 2013 жылы шипажай директоры «Қазақстан» шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алған.

2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбегені анықталды. Осыған қарамастан 2022 жылы сотпен жалпы 3 млрд теңге қарызды өндірді.

Алматы қаласы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды.

Өз кезегінде Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

12.12.2023 ж. прокурордың талап арызы Алматы қаласы АМЭС-пен қанағаттандырылды.

Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды.

Фото: 2Гис
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар