Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда туған әкесі екі баласын жалдамалы пәтерге апарып, ауыр азаптап, кейін өз қолымен өлтірген

09:10, 26 қыркүйек 2024 2794

Екі баланың әкесі өз перзенттерінің ажал құштырды. Әкесі ұлдарын жалға алынған пәтерге апарып, екеуін де аяусыз өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенді. Бұл туралы Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Ruhy-на сілтеп.

Қанды оқиға Алматы қаласында болған.

Күдікті әйелімен 17 жыл некеде тұрған. Алайда ер адам соңғы жылдары әйеліне қызғаныштың салдарынан жиі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Қанды оқиғадан кейін ол зайыбына «Енді осымен өмір сүр! Сен оларды өлтірдің!» деп хат жазып қалдырмақ болған.

«Марқұм балалардың анасының туыстарының айтуынша, қатыгез ер адам тіпті қарт әжелеріне де күш қолданған. Еш жерде жұмыс істемей, әйелін аңдумен болған. Тіпті үйге камералар орнатқан екен. Осылайша, отбасы мүшелерінің өмірін бақылауда ұстауға тырысыпты», - делінген жазбада.

Қазіргі таңда, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Мұндай баппен айыпталған адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, егер ол психикалық ауруға шалдыққан деп танылса, онда ол жазадан босатылып, мәжбүрлеп емдеуге жіберілуі мүмкін.

«Ең қорқыныштысы – әкесі бұл әрекетке дайындалған. Ол пәтерді алдын-ала жалға алып, балаларды сол жерге әкеліп, қанды қылмыс жасайды. Оқиғаны видеоға түсіріп, кейін сол видеоны балалардың анасына жіберген. Бұған қоса, өзінің осы әрекетке барғысы келгенін және оның себебі анасы екенін хабарлаған. Бұған дейін оның психикалық ауытқулары немесе өзге де тәуелділіктері туралы мәліметтер болмаған», - деп жазады автор.

Марқұм балалардың анасы соттың әділ шешімін күтіп отыр. Әділдік орнап, қылмыскер жазасын алады деп үміттенеді. Алайда, егер бұл адам «психикалық ауруға шалдыққан» деп танылса, ол балаларының өліміне жауапкершілік арқаламай, жазадан құтылып кетуі мүмкін.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша психиатриялық сараптама жүргізілуде. Балалардың анасы мен жақындары құқық қорғау органдарына бұл сараптаманы қатаң бақылауға алып, қажет болған жағдайда қосымша сараптамалар тағайындауды талап етуде.

«Бұл жағдай тек бір отбасының трагедиясы ғана емес, бүкіл қоғамның жан жарасы. Әкесінің өз балаларына осындай айуандыққа баруы адамзаттың қасіреті. Егер ол психикалық ауру ретінде танылып, жазадан құтылса, әділдік пен заң үстемдігіне деген сенімімізге нұқсан келеді. Әрбір жанұяның қауіпсіздігі мен бақытты болашағы үшін мұндай қылмыскерлер жазадан қашпауы тиіс», - деп жазды автор.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар