Алматыда 19 қыркүйекте жасөспірім ата-анасымен тауға серуендеуге барған. Оны белгісіз жәндік шағып, ауруханаға түседі. Қыздың көзі мен сол аяғы ісіп, әлсіздік, ұйқышылдық байқалғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылады, деп жазады Alash.KZ.
Дәрігерлер баланы жылан шаққанын растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармай отыр. Сондықтан жасөспірімге жылан уына қарсы сарысу енгізілген.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, желіде тараған сарысу Өзбекстаннан алынды деген ақпарат жалған. Препарат ауруханада болған және қазір де бар.
Қазір қыздың жағдайы тұрақты, ем қабылдап жатыр.
Алматыда тауға серуенге шыққан 11 жастағы қыз бала неге жансақтау бөліміне түсті?
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026