Алматыда 20 жастағы спортшы кикбоксер Әли Серік өлі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратты Massaget.kz тілшісіне растады.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған.
Қылмыстық қару тәркіленді.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.