Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда такси жүргізушісі 18 жастағы қызды ұрлап әкетіп, кейін зорлаған

18:44, 20 қыркүйек 2025 297

Алматыда такси жүргізушісі 18 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлық-зомбылық көрсеткен, деп жазды  Alash.KZ порталы.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“НеМолчи” қорының мәліметінше, оқиға қалада 19 қыркүйек күні болған.  2007 жылы туған қызды такси жүргізушісі әуелі ұрлап әкетіп, зорлық-зомбылық көрсеткен. Жүргізуші қызды ұнатып жүрген адам болып шыққан. 

"Қызды бес сағат бойы тергеді. Кейін бір полиция бөлімшесінен екіншісіне, одан соң үшіншісіне алып барған. Прокурор қоңырау шалғаннан кейін ғана арызды Медеу ауданында тіркеуге тырысқандай болды, бірақ сараптамаға жіберуден үзілді-кесілді бас тартып отыр", – делінген қор хабарламасында.

Қор мәліметінше, қыз түні бойы жуынбай, полиция бөлімшелерін аралап жүрген. Сондай-ақ қор мемлекеттік адвокаттың түнде келгенін, бірақ сараптаманы күтпестен кетіп қалғанын айтты. Қор өкілдері бұл іске Бас прокуратураның араласуын талап етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар