Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда тағы да жер сілкінді

06:29, 23 ақпан 2024 406
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда 2 балдық жер сілікінісі тіркелгенін мәлімдеді.

Ведомства ақпаратынша, жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 10:08-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Бұл елде афтершок болған. Магнитудасы - 5,2. Ал Алматыда 2 балл болып сезілген.

"Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелең салмауға кеңес берді.

Сондай-ақ, 23 ақпанда Қазақстан бойынша ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізіліп жатыр.

Фото: elements.envato.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар