Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны анықталды

12:22, 05 мамыр 2023 256
Соңғы кездері қоғамымызда заңсыз құрылыс нысандарының анықталып дер кезінде хабарланып отыруы қала тұрғындарының көңілінен шығатын жаңалық болып отыр. Осыған дейін қала тұрғындары қай құрылыстың сапасыз салынып жатқанын, қай құрылыс нысанының заңсыз екенін айыра алмайтын. Сондықтан алданып та қалып жататын. Ал соңғы жылдары мұндай құрылыстар әкімдік тарапынан хабарланып отыратын болған.  Осы орайда Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы Бөгенбай батыр көшесі, 24 мекенжайындағы төрт қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылғанын хабарлайды.

Басқарманың талабы бойынша тұрғын емес үй-жайлар жөніндегі сот процестері ұзақ уақытқа созылды. 2022 жылғы 17 қаңтарда Медеу аудандық соты өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы қаулы шығарды, алайда кейін апелляциялық шағымдар Алматы қалалық сотында және ҚР Жоғарғы Сотында қаралды. 2022 жылғы 30 қарашада Жоғарғы сот бірінші сатыдағы сот пен Алматы қалалық сотының қаулыларын өзгеріссіз қалдырды, содан кейін қаулы қаланың Әділет департаментінің өндірісіне түсті.
Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзу басталды. Сондай-ақ тағы бір тұрғын үй кешені сатып алуға ұсынылмайтын тізімге еніп отыр. Қала құрылысын бақылау басқармасы интернет-ресурстардың мониторингі барысында Достық даңғылы, 170/1 мекенжайындағы ТК-де пәтерлерді сату туралы хабарландыру анықтады. Қала тұрғындарына осы мекенжай бойынша тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алудан бас тартқан жөн. Меншік иесі бұл учаскеде сәулет-жоспарлау тапсырмасы болған КТЖ нысаналы мақсатымен құрылысты 2005 жылы бастаған, содан кейін нысан бірнеше жылға тоқтатылған. Кейін жер учаскесі басқа меншік иесіне берілді, ол сол учаскеде заңсыз стационарлық емес сауда объектілерін тұрғызды. Басқарма меншік иесіне қатысты заңсыз сауда павильондарын бұзуға талап арыз берді. 2023 жылдың 2 мамырында сауда нысандарын бұзу туралы шешім қабылданды. Сот шешімінің заңды күшіне енуі күтілуде. Медеу аудандық сотына жылжымайтын мүлікке, ҚМЖ жүргізуге және рұқсат құжаттамасын беруге тыйым салу бөлігінде талап қоюды қамтамасыз етумен ғимараттың өзін бұзуға тағы бір талап арыз берілді. Сот процестері әлі де жүргізілуде, сот-құрылыс сараптамасы тағайындалды.

Осы орайда жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын салынып жатқан ТК-ны қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз дейді қала әкімдігі.

Осыған дейін мемлекет басшысы тарапынан құрылыс сапасын арттыру мақсатында мұндай мониторингтердің маңызы зор екені айтылған болатын. Сондықтан бұл шаралар халықтың көңілінен шығып отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар