Алматы облысындағы “Асыл Арман” тұрғын үй кешенінің тұрғындары ереуілге шықты, деп жазады Alash.KZ.
«НЕГЕ БІЗДІ ЕСТІМЕЙСІЗДЕР?»
Осыған дейін “Асыл Арман” тұрғын үй кешенінде мектеп автобусы 7 жасар баланы басып кеткен болатын. Бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты.
Қайғылы жағдайдан кейін оқиға орнына тұрғын үй кешенінің тұрғындары жиналып, наразылық білдірді. Тұрғындар биліктен мектеп салып беруді, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін жағдай жасауды талап етіп отыр.
Тұрғындарға жергілікті билік өкілдері келді.
ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ШАБУЫЛ
- Сіздер бізді естіп жатқан жоқсыздар. Қанша рет хат жазды. Мына жерде кішкентай балалар жүреді, осы жағдайды күттіңіздер ме? Менің сегіз балам бар. Осы жағдайды естіген кезде жүгіріп келдім, менің балам ба деп ойладым. Неге бізді естімейміздер? – дейді тұрғындардың бірі.
Желіде тараған видеолардан жиналған тұрғындардың бірі әкімдік қызметкеріне шабуыл жасағанын да көруге болады.
Тұрғындар мектептің салынуын 10 жылдан бері күтіп жүргендерін айтады.
Алматыда мектеп автобусы баланы басып өлтірді: тұрғындар ереуілге шықты (Видео)
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026