Бүгін Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясы өтті. Депутаттар бірқатар әлеуметтік және қала құрылысына қатысты шешімдер қабылдап, 156 атаусыз көшеге ресми атау берді. Оның ішінде олимпиада жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімін алды, деп хабарлайды Alash.KZ.
156 атаусыз көшенің 22-сі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін иеленсе, 15 көше тарихи тұлғаларға берілді. Тізімге академик Әбдуәли Қайдар, археолог Карл Байпақов, тарихшы Сайым Балмұқанов, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый, олимпиада чемпионы Денис Тен, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын Мұзафар Әлімбаев, абайтанушы Қайым Мұхамедханов, мультипликация негізін қалаушы Әмен Қайдаров және КСРО халық артисі Наталья Сац кірді. Қалған 118 көше тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады.