Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда келіншек 4-қабаттан секірмек болған

14:08, 17 наурыз 2025 546

Алматыда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері, капитан Аманғали Еменов төртінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 16 наурызда сағат 13:30 шамасында Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Әскери қызметкер сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатып, жоғарыға алаңдай қарап тұрған адамдардың тобын байқайды.

Сол сәтте оқиға орнында полиция қызметкерлері де болып, әйелді өз әрекетінен бас тартуға көндірмек болған.

“Ол арқанды пайдаланып, жоғарғы қабаттан төменге түсіп, көрші пәтердің терезесі арқылы ішке енді. Кейін қонақ бөлмеге өтіп, әйелге жүгіріп барып, оны қауіпсіз жерге алып шықты. Әскери қызметкер мен полиция қызметкерлерінің жедел әрі шебер әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар