Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда Жириновскийдің ескерткіші орнатылады - ӘКІМДІК ЖАУАП ҚАТТЫ

14:01, 11 наурыз 2025 796

Ресейлік БАҚ беттерінде Қазақстанда 2026 жылы бірнеше қалада Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылуы мүмкін деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Болжамды орындар тізімінде Саранск, Ресейдің басқа да өңірлері, сондай-ақ саясаткердің «кіші отаны» ретінде Алматы да аталған.

Алайда Алматы әкімдігі бұл мәліметті растаған жоқ. ZTB NEWS агенттігіне берген түсініктемесінде әкімдіктің баспасөз қызметі Мәдениет басқармасына бұл мәселе бойынша ешқандай өтініш түспегенін, сондай-ақ Жириновскийге ескерткіш орнату мәселесі тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссияның қарауына шығарылмағанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар