Әлеуметтік желіде 2009 жылғы оқушы өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Alash.KZ.
Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады.
Тәртіп сақшылары 105 бап (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында суицид жасаған оқушы қыз туралы белгілі болған еді.
Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында өзіне қол жұмсаған 9-сынып оқушысының туыстары қыздың соңғы уақытта онлайн ойынға әуес болғанын айтты.
Полицияға жасөспірімнің суицид жасағаны туралы оның туыстары хабар берген. Олар қыздың денесін гараждан тапқан.