Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда елді сан соқтырған алаяқтардың ірі орталығы жойылды

17:26, 25 қаңтар 2025 334

Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтардың сall-орталығын жойды,  деп хабарлайды Alash.KZ порталы.

Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан. 24 күдікті ұсталды, олардың бесеуі шетелдік азаматтар. Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді. 

Call-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп, оларды алдап-арбаумен айналысу кірген. Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған. Одан соң алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар