Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда боқтаған депутат халықтан кешірім сұрады

05:44, 23 ақпан 2024 408
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы кезінде депутат, эколог Тимур Елеусізов бейәдеп сөз айтып жіберген. Ол баяндамасын оқу барысында кейбір сөздерді айтуға қиналып қалған.

Отырыстан кейін халық қалаулысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 80 мың айыппұл төлейтін болды.

Бүгін депутат өзінің Instagram-дағы парақшасында полиция бөліміне барып, түсініктеме жазғанын айтты.
«Бүгін мәслихат сессиясында эмоциямды ұстай алмай қалдым. Ыңғайсыз жағдай болды. Мен де сіздер секілді қарапайым адаммын. Ерсі қылығым үшін Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Маған сенетін және жақсылыққа сенетін барлық адамдарға алғысымды білдіргім келеді. Жалғыз емес екенімді сезгенімен қуаныштымын», – деді Тимур Елеусізов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол халықтан кешірім сұрап, видео түсіріп, елде назар аударарлық мәселе көптігін айтып, соларды насихаттаған әлдеқайда дұрыс екендігін алға тартты.

Фото: instagram.com/timur_yeleussizov/
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар