Халық денсаулығын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы орайда бұрынғы теміржол ауруханасының тарихи келбетін сақтап, жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жұмыстар 2024 жылдың IV тоқсанында аяқталуы тиіс. Құрылыс аяқталғаннан кейін, онда заманауи «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылатыны белгілі болып отыр.
Сондай-ақ әкімдік 2023 жылдың соңына дейін тағы екі жобаны әзірлейді, олар: Әйтеке би көшесіндегі ревматологиялық орталықтың ескі ғимаратының орнына 500 келушіге арналған жаңа емхана салу және Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығының жобасы жоспарланып отыр.
Екі нысанның да құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастау келісілген.