13 сәуір күні «Ромашка» деген атаумен танымал Top skan аттракционы жұмыс барысында кенеттен тоқтап қалды. Оқиға кезінде ондаған адам ауада ілініп қалған, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Саябақ әкімшілігінің мәліметінше, аттракционның тоқтауына қауіпсіздік датчигінің іске қосылуы себеп болған.
«15:08-де Top skan аттракционы тоқтады. 15:16-да келушілер эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ, адамдардан шағым түскен жоқ. Жағдай толықтай саябақ инженерлерінің бақылауында болды», – деді «Қиял әлемі» саябағының администраторы Виктор Данилов.
Оның айтуынша, қауіпсіздік датчигі сол күні ауыстырылған.
Бұл оқиға қаладағы ойын-сауық жабдықтарының техникалық жағдайы мен келушілердің қауіпсіздігі туралы талқылауға себеп болды. Кейбіреулер ескі аттракциондарды тексеріп, оларды жаңасына ауыстыру қажет деп отыр.