Бұған дейін әлеуметтік желіде марқұмның 44 жастағы сержант екені туралы ақпарат пайда болған. Мәйіт Әскери институттың құрлық әскерлерінің аумағында табылған, - деп хабарлайды Alash.KZ сайты Massaget.kz материалына сүйеніп.
ІІМ ақпаратты растады. Істі әскери тергеу органы тергеп жатыр.
"Дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ІІМ.