Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда 92 жастағы қария үйленді

11:49, 30 сәуір 2026
 

2026 жылдың басынан бері Алматыда 4600-ге жуық неке тіркелді. Статистиканың егжей-тегжейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады, - деп жазады Alash.KZ сайты Tengri Lifeқа сілтеме беріп.

Олардың мәліметінше, мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді. Некеге тұрушылардың орташа жасы - қалыңдықтарда 29 жас, ал күйеу жігіттерде 32 жас болады.

"Неке қиюға өтініш берген ең егде адам - 92 жастағы ер адам. Ал заңнама талаптарына сәйкес рұқсат алған ең жас жұп 16 жасында отбасын құрды", - деп хабарлады корпорация өкілдері.

Сондай-ақ осы кезең ішінде 409 жұп шетелдік азаматтармен некесін тіркеген.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бері 934-ке жуық жұп некені бұзу туралы өтініш берген. Ажырасуға өтініш бергендердің орташа жасы: ерлер арасында - 39 жас, әйелдер арасында - 37 жас.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар