Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда 700 метр кәріз желісі салынды

13:47, 18 мамыр 2023 254
Қыста Екібастұздағы жағдайдан соң мемлекет басшысы еліміздегі жылу қазандықтары мен кәріз желілерін қалыпқа келтіру жұмыстарын тапсырған болатын. Президент тапсырмасына орай, Алматы әкімдігі де бұл шаруаға ертерек кірісіп кетті.  

Жыл басынан бері Тұрғыт Озал, Чайковский және Мақатаев көшелеріндегі аула ішіндегі аумақтардағы 1,4 шақырым су құбыры желілері жөндеуден өтті, сондай-ақ Бруно мен Рахманинов көшелерінде 700 м кәріз желісі салынды.

Жыл соңына дейін 3,6 шақырым су құбыры және 1,2 шақырым жылу желілерін модернизациялау, сондай-ақ жалпы жеке сектордың: 2-ші-Қастек, Моңғол, Есентай және Қожамқұлов көшелеріндегі жалпы ұзындығы 1,6 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар