Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда 3 мектептің оқушылары жаппай төбелесіп, қоғамдық орында сорақылық жасады

21:11, 26 ақпан 2025 63

Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 3 мектептің оқушылары төбелесті, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Әлеуметтік желіде видео тарады. 15-ке жуық бала бір-бірін ұрып, орындық лақтырып жатыр. Полиция департаменті бұзақылық жасаған жасөспірімдердің 10-11 сынып оқушылары екенін анықтады. Қазір барлық материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді.

Бұзақылық дерегі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Осы жанжалға қатысқан барлық тұлғалар жасөспірімдер анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың әрқайсысының ісіне құқықтық баға берілетін болады. Сондай ақ осы жанжалға қатысқан жасөспірімнің ата анасына қатысты өз ата аналық міндеттерін баланы тәрбиелеудегі дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Cалтанат Әзірбек.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар