Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы тауларында көшкін жүруі мүмкін

07:36, 14 ақпан 2024 276
ҚР Төтенше жағдай министрлігі Алматы тауларында көшкін жүру қаупі барын ескертті.

Қазір таулы аймақтарда адамдардың келуін шектейтін блок бекеттер қойылған.
Қарқынды жауын-шашынның түсуіне, «Қазгидромет» РМК-ның Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері бойынша көшкін қаупі туралы дауылды ескертуі негізінде, 13-14 ақпан аралығында «Алматы қаласы–Космостанция» автожолындағы «Аюсай» бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ – Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок бекеттер қойылды.    

Алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды және таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды сұраймыз, делінген хабарламада. 

Фото: freepik
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар