Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев лауазымды қызметке тағайындалды

17:00, 19 қыркүйек 2025 304

Мемлекет басшысының Жарлығымен Досаев Ерболат Асқарбекұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

24 мамырда Мемлекет басшысы, Ерболат Досаевты 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген Алматы қаласының әкімі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойған еді.

Ерболат Досаев 1993 жылы Алматы энергетика институтын тәмамдаған. Еңбек жолын жекеменшік компанияларда бастап, 1997 жылы “Акцепт” корпорациясының бас директоры қызметіне тағайындалды. Кейін “Тұран-Әлем Банкі” басқарма төрағасының орынбасары әрі “Алматы сауда-қаржы банкі” басқарма төрағасы болды.

1998 жылы Премьер-Министрдің кеңесшісі атанып, кейін Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі қызметін атқарды. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болды.

2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың наурызына дейін “Қазақстан Даму Банкі” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сондай-ақ, 2001 жылдың қарашасында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы қызметін қоса атқарды.

2003 жылдың маусымында Қаржы министрі, ал 2004 жылдың сәуірінде Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

2006–2012 жылдары “КазИнвестБанк” директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап Экономикалық даму және сауда министрі (кейін “Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі”) қызметін атқарды. 2014 жылдың 6 тамызында Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2016 жылы “Бәйтерек” ұлттық холдингін басқарды. 2017 жылдың 29 тамызынан бастап Премьер-Министрдің орынбасары болды. 2019 жылдың 25 ақпанынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар