Депутат Бақытжан Базарбек Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағалауындағы 81 жер теліміне назар аударды. Оның айтуынша, бұл жерлер қарапайым азаматтарға емес, танымал тұлғаларға берілген, деп жазады Alash.KZ.
Іле ауданындағы заңсыз жер бөлуге қатысты жаңа деректер бойынша, өңірді 14 жыл басқарған экс-әкім Николай Логутов өз өкілеттігін пайдаланып, жерлерді жақын туыстарының атына рәсімдеген. Қазіргі таңда олардың көпшілігі бұрынғы әкімнің ұлы Константин Логутовтың иелігінде.
«Кезінде көпшілікке белгісіз болған әкімдердің балалары бүгінде аса ірі жер иелеріне айналды», - деді Бақытжан Базарбек.