Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп жазады Alash.kz.
BMW-728 көлігі қарсы бетке шығып кетіп, Ford Mondeo көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Ford көлігі өртеніп кеткен.
Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің 1 жолаушысы қаза тапты.
BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
«Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рөлдегі немқұрайлық – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Бір жасалған қателік – адам өмірімен тең. Жолда сақ болып, өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қамқор болыңыздар!» - делінген ПД хабарламасында.