Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында 14 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады

17:36, 30 қыркүйек 2024 167

Алматы облысында 14 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады Alash.kz  Orda.kz-қа сілтеме жасап. 

NeMolchi қорының мәліметінше, қыз Өтеген батыр ауылындағы нөмірі13-ші мектепте білім алған.

 

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

«Оқиғаның мән-жайы бойынша Талғар ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады», - деді полиция. 

Бұған дейін 16 қыркүйекте Алматының Алмалы ауданында екі оқушы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен оқиғаны полиция өз-өзіне қол жұмсау деп бағалап отыр. 21 қыркүйекте тағы бір қайғылы оқиға орын алды - 12 жасар қыз терезеден секіріп кетті. Ал 23 қыркүйекте Әуезов ауданында 18 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Өткен аптада оңтүстік астанада Алматы менеджмент университетінің студенті өз-өзіне қол жұмсады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?