Әл-Фараби даңғылы бойымен Асқаров көшесінен Достық даңғылына дейінгі ұзындығы 9 км-ден асатын учаскені жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Бұрынғы орташа жөндеу жұмыстары мұнда 2010 жылы жасалған. Арада он шақты жыл өткен соң сапасы сыр берген көшелерді реттеу жұмыстары жасалып жатыр. Атап өтер жайт, жұмыстар көлік қозғалысы бөлігін ішінара жабу арқылы жасалып жатыр.
Сондай-ақ, Есентай өзені арқылы өтетін әл-Фараби даңғылындағы көпірде 6 маусымнан бастап реконструкциялау аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобада көпірді қайта жаңарту және екі веложүргінші көпірін салу көзделген. Бүгінде айналма жолды қамтамасыз ету және инженерлік коммуникацияларды қайта құру үшін бөлу жолағында жол төсемдерін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалалық мобильділік басқармасы «Орташа жөндеу жұмыстары Абай даңғылында, Достық даңғылынан Тілендиев көшесіне дейінгі учаскеде де жүргізілуде. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жөндеу кезінде көшелер ішінара жабылады. Абай даңғылындағы аталған учаскелердегі жол жабынына алдыңғы орташа жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілген. Жалпы магистральды көшелерді орташа жөндеуді оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда. Жөндеу жұмыстарына түсіністік пен шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз» деп жөнделіп жатқан көшелерге қатысты түсініктеме беріп отыр. Оқу жылы басталғанға дейін көшелер пайдалануға тұрғындардың игілігіне жарар деген үміт зор.