Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы клубтарының бірінде білдей басшы бойжеткенді зорлап кеткен

Алматы клубтарының бірінде білдей басшы бойжеткенді зорлап кеткен

Желіде Елисей деп таныстырған бойжеткен қаланың түнгі клубтарының бірінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан видеожазба анықталған, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жеке тұлғасы анықталып, ол полицияға ресми түрде арыз түсірген.

29 жастағы күдікті – аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің әрекеттеріне, оның ішінде айтылған жайттарға байланысты құқықтық баға берілетін болады, – деп хабарлады ведомство.

Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығы бұл қылмыстық істің алдын ала тергеу барысын өз бақылауында ұстап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 1
  • 0
  • 2
Жарнама
Соңғы жаңалықтар