Алматыдағы жер сілкінісінен кейін WhatsApp-та және басқа да әлеуметтік желілерде түрлі хабарлама тарап жатыр. Олардың біреуінде қалада сағат 00:00-06:00 аралығында жойқын жер сілкінісі болатыны және өзге өңірдегі қызметкерлер Алматыға тартылып жатқаны айтылған.
Алайда Алматының төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты жоққа шығарды.
"Алматыда төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын топтастыруды күшейту жүргізіліп жатқан жоқ. Азаматтық қорғау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады департамент.
Ведомство жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті.