Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев оның Қырғызстан азаматы екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
– Оның... мінез-құлқының ерекшеліктері болған. Туыстары психикалық проблемалары болғанын айтады. Іс тіркелді, тергеу жүріп жатыр. Жағдайдың толық мән-жайы анықталады, - деді Қожаев.
Алматыда бойжеткен тұрғын үй кешеніндегі үйдің жоғарғы қабатынан құлап көз жұмған еді. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда бойжеткен терезеден шығып, карнизде жүре бастайды. Ән айтып, би билейді. Куәгерлердің айтуынша, ол алтыншы қабаттан құлаған.