4 наурызда сағат 11:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды alash.kz сайты.
"ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр. Эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтыланып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ведомство мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр.