Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда «Әйелдерге лайықты өмір үшін!» атты митинг өтеді

13:13, 05 наурыз 2024 385

Алматы қаласының әкімдігі «Әйелдерге лайықты өмір үшін!» атты митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы қоғам белсендісі Бибінұр Шералиева мәлімдеді.

«Біз Алматы қаласының әкімдігіне 7 наурыз күні М.Ганди атындағы саябақта «Әйелдердің лайық өмірі үшін» тақырыбында митинг өткізу туралы хабарлама жібердік. Хабарламаға жауап ретінде әкімдік митинг өткізуге рұқсат берді деген жауап алдық», - деп жазды Шералиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сонымен қатар, шараны өткізу туралы әкімдік қаулысының көшірмелерін қоса тіркеген.

Құжатқа сәйкес, митинг 7 наурыз күні сағат 12.00-14.00 аралығында М.Ганди атындағы саябақта өтеді.

«Митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар, әйелдердің лайықты өмір сүруіне қажетті талаптар айтылады», - деп қосты Шералиева

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар