Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аллаға шүкір! 13 жыл күттім! Басты жаңалығым осы: Елдос колобок сүйінші сұрады

15:07, 23 қаңтар 2025 353

Блогер Елдос Кәдірханов туған күнінде оқырмандарын жақсы жаңалықпен қуантты, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеп.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісті. 

 

"Басты жаңалығым - осы. Қанша жыл күттім осы жауапты. Аллаға сансыз шүкір! Енді тек дұғада болыңыздар. Алла қаласа тағы да сүйінші сұрасын деп тілеңіздер. Қаншама нәтижесіз операция өткіздім, қаншама дәрі іштім, масқара шығындалып, 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен ұялмаймын осыны айтудан, себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасылар бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Аллаға шүкір!", - деп бөлісті ол.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар